Accessibility links

Белсенді Махамбет Әбжан Павлодардағы түрмеге ауыстырылды


Белсенді Махамбет Әбжан өзіне қатысты сотта отыр. Астана, 27 қараша 2017 жыл.
Белсенді Махамбет Әбжан өзіне қатысты сотта отыр. Астана, 27 қараша 2017 жыл.

Азаматтық белсенді, «алаяқтық» айыбымен үш жарым жылға сотталған Махамбет Әбжан Павлодардағы түзеу колониясы – АП-162/2 мекемесіне жөнелтілді. Әбжанның анасы Салия Әбжанованың айтуынша, ұлы қазір карантинде отыр және өзіне сол жерден телефон шалған.

Қаңтар айында Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы Махамбет Әбжанның шағымын қабылдамай, сот үкімін өзгертуден бас тартқан. Салия Әбжанованың айтуынша, Махамбет Әбжан Астананың тергеу изоляторында қалуға тырысқан, бірақ қала алмаған.

Былтыр қарашаның соңында Сарыарқа аудандық №2 соты Махамбет Әбжанды «алаяқтық жасады» деп айыптап, үш жарым жылға соттау және «қылмыстық жолмен тапқан» мүлкін тәркілеуге үкім кескен. Сот сонымен қатар іс бойынша жәбірленуші деп танылған Азамат Жетпібаевтің пайдасына Әбжаннан екі жарым миллион теңге өндіруге шешім шығарған. Сот іс бойынша екінші жәбірленуші Ғалымжан Пановтың азаматтың шағымын қанағаттандырмаған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG