Accessibility links

Қазақстан «бақыт коалициясын» құру меморандумына қол қойды


Дубайдың үстінен қарағандағы көрінісі (Көрнекі сурет).
Дубайдың үстінен қарағандағы көрінісі (Көрнекі сурет).

Қазақстан «Ғаламдық бақыт коалициясы» бастамасы туралы меморандумға қол қойды деп хабарлады ресми баспасөз. 12 ақпан күні Дубайда жыл сайын өтетін Дүниежүзілік үкімет саммитінде құжатқа Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қол қойды. Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ақпарат агенттігінің хабарлауынша, меморандумғf сонымен қатар БАӘ, Коста-Рика, Мексика, Португалия және Словения өкілдері қол қойған.

Қазақстан үкіметінің сайтында жарияланған хабарламада БАӘ-дегі кездесуге қатысқандар «азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қызметтерге көңіл толу деңгейін арттыру» мәселелерін талқылағаны айтылады.

БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірлігінің басшысы Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум форумда «әлем халықтың бақыты мен игілігіне жұмыс істейтін жаңа формадағы коалицияға мұқтаж» екені айтылады.

БАӘ-де «бақыт» термині түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысына қойылатын критерийлер мен мақсаты тізіміне енгізілген. Форум 14 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG