Accessibility links

Киевте ресейлік екі әскери қызметкер сотталды


«Әскерден қашқан» қырымдық Максим Баранов сотта адвокаты Валентин Рыбинмен сөйлесіп тұр. Киев, 19 қыркүйек 2017 жыл.
«Әскерден қашқан» қырымдық Максим Баранов сотта адвокаты Валентин Рыбинмен сөйлесіп тұр. Киев, 19 қыркүйек 2017 жыл.

Киев соты ресейлік әскери қызметкерлер Максим Баранов пен Александр Одинцовты «мемлекетке сатқындық жасады және әскерден қашты» деп айыптап, үкім шығарды. Сот үкімі туралы РИА Новости агенттігіне адвокат Валентин Рыбин хабарлады.

Сот Одинцовқа 14 жыл, Барановқа 13 жыл түрмеде отыру жазасын кесті. Адвокат үкімге апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Одинцов пен Баранов Қырымда тұрған және Ресей түбекті аннексиялап алғанға дейін Украина армиясында қызмет еткен. Аннексиядан соң олар Ресей армиясына ауысып кеткен.

2017 жылы 21 қарашада Ресей қорғаныс министрлігі Украина Қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қырымда ресейлік екі әскери қызметкерді «заңсыз ұстап», Николаевск облысының аумағына алып кеткенін хабарлаған. Украина Қауіпсіздік қызметі «Украина қарулы күштеріне берген антын бұзып, аннексияланған Қырым аумағындағы Ресей билігіне қызмет еткен екі қашқынды» ұстағанын мәлімдеген.

Ресей Тергеу комитеті украиналық екі әскери қызметкерді ресейлік сарбаздарды «ұрлауға болысты» деп сырттай айыптаған.

XS
SM
MD
LG