Accessibility links

Мәжілістің халықаралық істер комитетін Мұхтар Ерман басқарады


Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін депутат, осы комитеттің мүшесі Мұхтар Ерман басқаратын болды деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі. 55 жастағы Мұхтар Ерманның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Мұхтар Ерман әр жылдары мәжілістегі президенттің «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппаратын басқарған, «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары болған.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін бұған дейін 47 жастағы Мәулен Әшімбаев басқарған. Ол осы айдың басында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалған.

XS
SM
MD
LG