Accessibility links

Израиль полициясы Нетаньяхуге жемқорлық айыбын тағуды сұрады


Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі.

Израиль полициясы премьер-министр Биньямин Нетаньяхуге қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау айыбын тағу мәселесін көтерді. Haaretz басылымының хабарлауынша, жүргізілген екі тергеу барысында құқық қорғау органдары Нетаньяху бизнесменге қамқорлық танытқаны үшін одан бір миллион шекельге (283 мың АҚШ доллары көлемінде) тең сыйақы алған деген қорытынды жасаған.

Полицияның болжамынша, Нетаньяху сонымен қатар «Едиот Ахронот» газетінің шығарушысы Арнон Мозеспен келісім жасаспақ болған. Премьер басылымға өзі туралы «жағымды» материалдар жариялағаны үшін оның негізгі бәсекелесі, израильдік «Исраэл Хайом» газетімен күресіне көмектесуді ұсынған.

Биньямин Нетаньяхудың өзі бірер күн бұрын Израиль азаматтарына үндеуінде заңға қайшы ешнәрсе жасамағанын мәлімдеген.

Былтыр желтоқсанның басында Тель-Авивте 20 мыңға тарта адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы демонстрацияға шыққан. Демонстранттар заң «Нетаньяхуды қудалаудан қорғайды» деп, оған көңілдері толмайтынын мәлімдеген. Израиль заңы бойынша, полиция мемлекеттік лауазымды тұлғаларға қатысты істерді тергеу қорытындысын жариялай алмайды, тек прокуратураға ұсыныс білдіре алады. Мұндай тергеу бойынша соңғы шешімді бас прокурор ғана айтады.

Израиль ішкі істер министрі Айеле Шакед қылмыс жасады деген күдікке ілінген премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың қызметтен кетуге міндетті емесін айтты. 68 жастағы Нетаньяху осымен екінші мәрте премьер қызметін атқарып отыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG