Accessibility links

Манхэттендегі жарылысты ұйымдастырушы сотталды


Нью-Йорктің Челси ауданындағы террорлық актіге айыпты деп танылған Ахмад Хан Рахами сотта отыр. 20 желтоқсан 2016 жыл.
Нью-Йорктің Челси ауданындағы террорлық актіге айыпты деп танылған Ахмад Хан Рахами сотта отыр. 20 желтоқсан 2016 жыл.

Манхэттен округтік соты 30 жастағы Ахмад Хан Рахамиді 2016 жылдың қыркүйегінде Нью-Йорктің Челси ауданында болған террорлық актіні ұйымдастырды деп айыптап, екі өмір бойына түрмеде отыру жазасын кесті. Челси ауданындағы жарылыстан отыз адам жараланған.

CNN-нің хабарлауынша, сот сонымен қатар Рахамиді жарылыстан зардап шеккендерге жарты миллион доллардан астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Сотталушының өзі қылмысына өкінбейтінін, қылмыс жасауға АҚШ-тағы мұсылмандарға деген қарым-қатынас итермелегенін мәлімдеді.

Ахмад Хан Рахамидің үстінен Нью-Джерсиде де сот процесі өтуі тиіс. Тергеу дерегінше, Ахмад Хан мұнда да бір бомба жасырған. Бомба қайырымдылық марафоны басталардан бұрын жарылып, ешкім зардап шекпеген.

Полиция Челсидегі жарылыстан соң Ахмад Хан қалдырып кеткен, жарылмай қалған құрылғыдағы саусақ ізі бойынша бірден оның соңына түскен. 2016 жылы 19 қыркүйекте қуғын кезінде атыс болып, Ахмад Хан Нью-Джерси штатының Линден қаласында қолға түскен.

XS
SM
MD
LG