Accessibility links

Саакашвили Нидерландта тұруға рұқсат алды


Михаил Саакашвили, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы. Роттердам, 14 ақпан 2018 жыл.
Михаил Саакашвили, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы. Роттердам, 14 ақпан 2018 жыл.

Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Нидерланд төлқұжатын алды. Бұл жайында саясаткердің өзі Facebook-те хабарлады. Саакашвили Украина азаматтығын қайтарып алу ниетінен танбайтынын мәлімдеді.

Украинадағы "Жаңа күш" оппозициялық қозғалысының жетекшісі, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили нидерландылық Сандра Рулофсқа үйленген. Осыған байланысты оның Еуропа Одағы (ЕО) аумағында тұруына құқығы бар. Нидерланд төлқұжаты арқылы ол ЕО елдерінде жұмыс та істей алады.

12 ақпан күні Украина шекара қызметінің өкілдері Киевте мейрамханада Михаил Саакашвилиді ұстап, ұшақпен Польшаға депортациялаған. Ол Украинаға бытыр Польша арқылы барған еді. Украина билігі саясаткер шекарадан заңсыз өтті деп біледі.

XS
SM
MD
LG