Accessibility links

Дін туралы заңға «психологиялық зорлық» түсінігін енгізуді ұсынды


Діни қауым өкілдері дін туралы заң жобасы бойынша жұмысшы тобының отырысы арасында депутат Бақтияр Мәкенмен (оң жақта) сөйлесіп тұр. Астана, 15 ақпан 2018 жыл.
Діни қауым өкілдері дін туралы заң жобасы бойынша жұмысшы тобының отырысы арасында депутат Бақтияр Мәкенмен (оң жақта) сөйлесіп тұр. Астана, 15 ақпан 2018 жыл.

Парламент мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасына «адамды немесе адамдар тобын олардың еркінен тыс жүріп-тұруға немесе әрекет етуге қасақана мәжбүрлейтін психологиялық зорлық, әлеуметтік-психологиялық ықпал ету» деген түсінік енгізуді ұсынды.

Депутат Мәкеннің пікірінше, «әлеуметтік, психологиялық, физикалық немесе материалдық зиян келтіретін» мұндай ықпал ету әрекетін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259-бабына («Террорлық не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру») теңестіру керек.

Оқи отырыңыз: Дін туралы заң жобасындағы "бұлыңғыр" тіркестер

Бақтияр Мәкен Азаттық тілшісіне сұхбатында «қазір адамдардың психикасына әсер ететін түрлі діни ағымдар барын» айтты. Ол тіркелген барлық діни ағымдарға мониторинг жасау қажетін және «елге заңсыз келетіндердің барлығын тәртіпке келтіру керегін» жеткізді. Оның сөзінше, «психологиялық зорлық» мәселесі дінге қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде туындауы мүмкін және мұндай түсінік заңда көрсетілуі тиіс.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG