Accessibility links

Бішкек Қазақстанда ұсталған азаматтары туралы нота тапсырды


Қазақстан мен Қырғызстан тулары.
Қазақстан мен Қырғызстан тулары.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда ұсталды делінген екі қырғызстандық туралы ақпаратқа байланысты толымды мағлұмат беруін сұрап, Бішкектегі қазақ консулы Ерлан Әбішевке шұғыл нота тапсырған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстан СІМ ресми өкілі Айымкан Кулукеева хабарлады.

Қырғызстан жағы Қазақстанның дипломатиялық өкіліне тапсырған құжатта "Қазақстанда Қырғызстанның екі азаматы ұсталғаны, олардың бірі Жогорку Кенеш (Қырғызстан парламенті – ред.) депутаты екені туралы ақпаратқа қатысты толымды мәлімет" беруін сұраған.

Бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасы ақпанның 15-16 күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз іс-әрекеттерге және қылмыстық топқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған 29 адамның екеуі Қырғызстан азаматтары деп хабарлаған.

Кейін бірқатар баспасөз құралдары Қазақстанда ұсталған қырғызстандықтардың бірі – Жогорку Кенештегі "Кыргызстан" фракциясының мүшесі Дамирбек Асылбек уулу деген ақпарат таратқан. "Кыргызстан" фракциясындағы әріптестері Дамирбек Асылбек уулуның телефоны өшірулі болғандықтан оның қайда екенін біле алмай отырғандарын айтқан.

XS
SM
MD
LG