Accessibility links

Ақ үй өкілі: Ресей киберагрессиясы үшін жауап береді


Ақ үйдің киберқауіпіздік бойынша кеңесшісі Роб Джойс
Ақ үйдің киберқауіпіздік бойынша кеңесшісі Роб Джойс

Ресей халықаралық аренадағы киберагрессиялық актілері үшін жауап беретін болады деп мәлімдеді жұма күні америкалық CNBC телеарнасына берген сұхбатында Ақ үй әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі Роб Джойс. Оның сөзінше, "Ресей шетелдегі іс-әрекеттеріне жауаптылықпен қарауға міндетті екенін сезінуі қажет".

Роб Джойс өз сөзінде 2017 жылғы шілдеде ғаламдық жері арқылы 64 елге тарап, миллиардтаған долларды құрайтын материалдық залал әкелген компьютерлік вирусты меңзеп отыр. Әуелі Украинада пайда болып, кейін Еуропа мен АҚШ-қа тараған вирус банктерді, заң фирмаларын, мемлекеттік мекемелерді, жүк порттары мен көлік жүйелеріне зиянын тигізген. Бұрын-соңды болмаған ең үлкен көлемдегі зиян әкелген кибершабуылдан Ресейдегі «Роснефть» компаниясы да зардап шеккен.

"Жеке азаматтарға да, тұтас ұйымдарға да аяушылық танытпаған бұл акция Украинаға жаппай кибершабуыл ретінде ойластырылған. Мұндай жосықсыздыққа мүлде төзуге болмайды", - деп мәлімдеген Роб Джойс.

Мюнхенде өтіп жатқан қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сұхбат берген Роб Джойс Ақ үйде киберқауіпсіздік жұмыстарын үйлестіреді. Ол бұған дейін, 27 жыл бойы АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінде қызмет атқарған.

XS
SM
MD
LG