Accessibility links

Тереза Мэй Brexit жайлы өзге референдум өтпейтінін мәлімдеді


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Еуропа Одағын қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту бойынша келіссөздерді тезірек бастауға шақырды. Оның сөзінше, мұндай келісімнің Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығады деп белгіленген 2019 жылдан бастап қолданысқа енуіне мүмкіндік бар.

Сенбі күні Германияның Мюнхен қаласында қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Мэй жаңа келісім әскери, барлау және терроризмге қарсы күрес салалары бойынша ынтымақтастыққа арналуы тиіс деп мәлімдеген. Жаңалықтар агенттіктерінің хабарлауынша, Мюнхендегі конференцияға қатысқан Еуропа Одағы өкілдері мұндай келісімді Brexit-тің экономикалық аспектілері туралы келіссөздермен қатар талқылау керек деген уәжбен келіскен.

Өз сөзінде Мэй Ұлыбританияның Еуропа Одағына мүшелігі туралы жаңа референдум өткізу мүмкіндігін үзілді-кесілді қабылдамады. Brexit-ке қарсы саясаткерлер мен белсенділер соңғы кездері әлгіндей референдум өткізуге шақырып жүр.

Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығатын уақыты – 2019 жылғы 30 наурыз деп белгіленген. Алайда, Еуропа Одағынан шығу шарттарына қатысты Брюссель мен Лондон арасындағы келіссөздер жақын арада аяқталмайтынға ұқсайды.

XS
SM
MD
LG