Accessibility links

Қазақстанда ҰҚК құзыретін күшейтуді ұсынды


ҰҚК-нің арнайы операциясы кезінде ұсталған адамдар (Көрнекі сурет).
ҰҚК-нің арнайы операциясы кезінде ұсталған адамдар (Көрнекі сурет).

Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен оның төрағасының құзыретін одан сайын күшейту ұсынылды. Бұл жайында Қазақстан президентінің 1996 жылы 1 сәуірде шығарған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті жөніндегі ережені бекіту туралы» №2922 жарлығына өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі жарлығының жобасында айтылады. Жарлық жобасы Қазақстанның электрондық үкіметі сайтындағы құқықтық актілер бөлімінде жарияланды.

Құжатта ҰҚК-ге «интернетке қолжетімділіктің біртұтас шлюзін дамыту» қызметімен қоса енді «электрондық үкіметтің» электрондық пошталарының біртұтас шлюзін дамыту» қызметі қоса жүктелетіні айтылған.

Бұған қоса, ҰҚК-ге ведомстволар арасында интернетке қолжетімділіктің біртұтас шлюзімен қатар «электрондық үкіметтің» электрондық пошталарының қызметін үйлестіру міндеті де жүктелмек.

Жарлық жобасы бойынша, мемлекеттік құпия мәліметтерге техникалық барлау жасау әрекеттеріне қарсы іс-қимылды жүзеге асыру және үйлестіру ісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі міндеттерінің біріне айналмақ.

Құжатқа сәйкес, ҰҚК төрағасына ақпараттық қауіпсіздікті куәландыратын орталықты айқындау міндеті тапсырылмақ.

Президент жарлығының жобасы наурыздың 5-іне дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев және ұлттық қауіпсіздік

Бұған дейін шетелдік БАҚ ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті Қазақстандағы келешек билік транзитінің «модераторы» деп атаған.

XS
SM
MD
LG