Accessibility links

АҚШ ғалымдары адам жасушасымен қой ұрығын өсірді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-та Калифорния университетінің ғалымдары қой мен адам жасушаларынан қой ұрығын өсірді. Жаңа технология жануарлардың ішінде адам органдарын өсіріп, оны ауыстыру үшін қолдануға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

Зерттеушілер қойдың әрбір он мың жасушасына бір адам жасушасынан келетін эмбрион ойлап тапқан. Ғалымдар адам жасушасының қой жасушасындағы үлесін бір пайызға дейін жеткізбек ойда. Калифорниялық ғалымдар осылайша адам ағзаларын өсіруге байланысты күрделі тәжірибелерді жасауға болады деп есептейді.

2016 жылы Калифорния университетінің ғалымдары доңыз эмбрионында адамның ұйқы безі ұлпасын өсірген. Бірақ зерттеушілер жақсы нәтиже шығару үшін аз эмбрион қажет болғандықтан мұндай тәжірибені қойларға жасаған сәтті шығады деп отыр.

XS
SM
MD
LG