Accessibility links

Бішкек Қазақстанда ұсталған депутатқа заң көмегін көрсетпек


Дамирбек Асылбек уулу, Қырғызстан депутаты.
Дамирбек Асылбек уулу, Қырғызстан депутаты.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің бастығы Муратбек Азымбакиев Азаттықтың Қырғыз редакциясыа Қазақстанда ұсталған парламенті депутаты Дамирбек Асылбек уулына және тағы екі қырғызстандыққа Қырғызстанның Алматыдағы консулдығы арқылы заң көмегі көрсетілетінін хабарлады.

Өткен аптаның соңында Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында арнайы органдар «контрабанданың жолын кесу» операциясын жүргізгенін хабарлаған. Операция барысында 35 адам, оның ішінде Қырғызстанның үш азаматы ұсталған.

«Контрабандалық тауар кедендік рәсімдеудің көлеңкелі жолдары және жалған құжатпен Қазақстанға Қытайдан тікелей және Қыгрғызстан арқылы кіргізіліп отырған» деп мәлімдеген Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.

Дамирбек Асылбек уулының ұсталуына байланысты парламенттегі «Қырғызстан» фракциясы шұғыл жиын өткізіп, мәлімдеме таратқан. Фракция мәлімдемесінде «депутаттың тағылған айыптарға қатысы болмағаны туралы мәлімет бары» айтылады.

Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметі депутаттың ұсталғанына байланысты Жогорку Кенеш спикері мәлімдеме жасамайтынын хабарлады. 19 ақпан күні Алматы соты 17 ақпанда Дамирбек Асылбек уулы мен Қырғызстанның өзге екі азаматын екі айға қамағаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG