Accessibility links

Асхат Берсәлімов бес тәулікке қамалды


Асхат Берсәлімов, азаматтық белсенді.
Асхат Берсәлімов, азаматтық белсенді.

Алматының әкімшілік соты белсенді Асхат Берсәлімовті «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыптап, бес тәулікке қамауға алды.

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарлауынша, белсендінің үстінен сот 20 ақпан күні кешке қарай өттті. Судья Дәурен Қарымбаев Асхат Берсәлімовті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 3бөлімі («бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу») бойынша айыпты деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Белсендіні қамауға алу мерзімі сот қаулысы шыққан 20 ақпан күнгі сағат 20:40-тан бастап есептеледі.

Судья Берсәлімовтің сот қаулысына шағымдануға құқығы барын айтты.

Журналист әрі азаматтық белсенді Инга Иманбайдың соттан кейін жүргізген тікелей эфирінде Берсәлімов сот өзінің заң бұзғанына «ешқандай дәлел келтірмегенін» айтады. Ал адвокат Жанар Балғабаева сот қаулысына шағымданатынын мәлімдеді.

Асхат Берсәлімов өзін азаматтық белсенді, азаматтық белсенді, былтыр қарашада «терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» ісін тергеу аясында ұсталған Алмат Жұмағұловты қолдап пикет өткізгені үшін соттағанын айтады.

XS
SM
MD
LG