Accessibility links

"Допинг қолданған" ресейлік сотқа шағымданбайды


Александр Крущельницкий Пхенчхан олимпиадасында.
Александр Крущельницкий Пхенчхан олимпиадасында.

Пхченхан олимпиадасында мельдоний қолданды деп айыпталған ресейлік Александр Крущельницкий Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағымданбайтынын мәлімдеді. Ол сотқа шағым түсірмейтіндігі туралы мәлімдемені ресейлік басылымдар арқылы жариялады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

Александр Крушельницкий жұбайы Анастасия Брызгаловамен бірге Пхенчхан олимпиадасында керлингтен микст жұп (ер және әйел) жарысында қола медаль алған. Олар қолаға таласта Норвегия жұбын жеңген.

21 ақпанда Ресей керлинг федерациясының баспасөз қызметкері Валентина Паринова "Россия 1" арнасының эфиріндее "Крушельницкий мен Брызгалова медалін қайтаратынын" айтты.

Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы допинг күдігіне ілінді

Ал Норвегия құрамасы Халықаралық олимпиада комитетінен марапаттау рәсімін қайта өткізуді талап етеді.

XS
SM
MD
LG