Accessibility links

Демократтар Ресейдің сайлауға килігуімен күреске қаржы бөлуді сұрады


Нэнси Пелоси, АҚШ сенатындағы демократтар жетекшісі.
Нэнси Пелоси, АҚШ сенатындағы демократтар жетекшісі.

АҚШ Конгресіндегі Демократиялық партия жетекшілері Федералдық тергеу бюросына (FBI) конгресс сайлауы мен штаттардағы заң шығару органдарына сайлауына Ресейдің килігуімен күреске 300 миллион доллар бөлуге шақырды.

Демократтар сенаттағы жетекшісі Чак Шумер мен өкілдер палатасындағы жетекшісі Нэнси Пелоси арнайы қызмет «Ресей алдағы сайлау барысына ықпал етуге ұмтылып жатыр» деп ескерткенін айтып, үкіметті 30 қыркүйекке дейін қаржыландыру туралы заң жобасында қосымша қаржы бөлуді сұрады. Конгресс заң жобасын 23 наурызға дейін қабылдауы тиіс.

«Бұл қосымша қаржы АҚШ-та әрекет ететін шетелдік жаулық пиғылдағы адамдардың, әсіресе әлеуметтік желілерде біздің платформамызда жұмыс істейтін ресейліктердің ықпалына қарсы жұмыс күші мен ресурстарды қамтамасыз етуге бөлінуі тиіс» деп жазды Шумер, Пелоси және басқа да конгресмендер. Олар сонымен қатар сенаттағы республикашылдың жетекшісі Митч Макконнелге және өкілдер палатасының спикері Пол Райанға да хат жолдады.

АҚШ арнайы қызметі өткен аптада сенатты Ресей 2018 жылы өтетін аралық сайлауларға килігуге тырысып жатыр деп ескерткен. Арнайы қызметтің дерегінше, Ресей 2016 жылғы президент сайлауы кезіндегідей өз үгіт-насихатын таратып, шатыстыратын есептерді қолдану үшін әлеуметтік желілерді пайдаланбақ. 16 ақпанда АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер Ресей 13 азаматы мен 13 компаниясын 2016 жылы АҚШ-тағы сайлау кампаниясына килікті және астыртын сөз байласты деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG