Accessibility links

АҚШ хоккейшілері 20 жылдан соң олимпиада алтынын алды


АҚШ құрамасы жеңіске жеткен сәт. Пхенчхан. 22 ақпан 2018 жыл.
АҚШ құрамасы жеңіске жеткен сәт. Пхенчхан. 22 ақпан 2018 жыл.

Шайбалы хоккейден АҚШ әйелдер құрамасы Пхенчхан олимпиадасында чемпион атанды. Олар финалда Канада құрамасын жеңді. Ойынның негізгі және овертайм 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал буллитте АҚШ құрамасы 3:2 есебімен басым түсті.

Ал олимпиаданың қола медалін Финляндия құрамасы алды. Олар қолаға таласта Ресей олимпиадалық атлеттер командасынан 3:2 есебімен жеңген.

Канада 2002, 2006, 2010, 2014 жылғы олимпиада ойындарында чемпион болған. Ал АҚШ әйелдер құрамасы алғаш және соңғы рет 1998 жылғы олимпиадада алтын алған. Араға жиырма жыл салып, екінші рет олимпиада чемпионы атанып отыр. Үшінші олимпиада қатарынан шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы турнирдің финалында АҚШ пен Канада кездесті.

Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG