Accessibility links

CAS ресейлік спортшыларды жүлделерінен айырды


Александр Крушельницкий мен Анастасия Брызгалова.
Александр Крушельницкий мен Анастасия Брызгалова.

Спорт арбитраж соты (СAS) ресейлік спортшы Александр Крушельницкий мен Анастасия Брызгалованы Пхенчхан олимпиадасының қола медалінен айырды. Бұл туралы сот ресми сайтында хабарлады.

Александр Крушельницкий жұбайы Анастасия Брызгаловамен бірге Пхенчхан олимпиадасында керлингтен микст жұп (ер және әйел) жарысында қола медаль алған. Олар қолаға таласта Норвегия жұбын жеңген.

Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы допинг күдігіне ілінді

Қола медальды Норвегия спортшыларына тапсыру процестерін Халықаралық олимпиада комитеті мен Халықаралық керлинг федерациясы айналысады.

XS
SM
MD
LG