Accessibility links

Тағы бір ресейлік спортшы допинг күдігіне ілінді


Надежда Сергеева.
Надежда Сергеева.

Пхенчхан олимпиадасында Ресей олимпиада атлеттері командасы сапында жарысқа қатысқан Надежда Сергеева допинг күдігіне ілінді. Бұл туралы ресейлік "Спорт экспресс" басылымы хабарлады.

Надежда Сергеева бобслей жарысында 12-орын алған. Ресей бобслей федерациясының спортшының 18 ақпанда алынан сынамасынан треметазидин препараты табылғанын растады. Федерацияның хабарлауынша, спортшының 13 ақпанда алынған сынамасы таза болған.

Бұл оқиғаға қатысты Халықаралық олимпиада комитеті ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұған дейін Ресей олимпиада атлеттері командасының спортшысы керлингтен қола медаль алған Александр Крушельницкидің допинг сынамасынан мельдоний табылған. Ол жұбайы Анастасия Брызгаловамен жеңіп алған қола медалін қайтарған.

Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы допинг күдігіне ілінді

Қола жүлдені Норвегия спортшыларына тапсыру процестерін Халықаралық олимпиада комитеті мен Халықаралық керлинг федерациясы айналысады.​

XS
SM
MD
LG