Accessibility links

Ресей СІМ: Аргентинадағы есірткіні елшіліктің техникалық қызметкері сақтаған


Құқық өкілдері күдікті чемоданды ашып жатыр. (REUTERS видеосынан скриншот.)

Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласындағы Ресей дипломатиялық миссиясы ғимараттарының бірінен табылған есірткілер партиясы орыс елшілігінде мерзімдік келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін техникалық құрам қызметкерінікі болған. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеген. Оның сөзінше, жөнелтуге дайындап қойған есірткісі бар жүкті осыдан бір жарым жыл бұрын Ресейдің Буэнос-Айрестегі елшілігінің тұрғын үй-мектеп кешенінен табылған.

Бейсенбіде Аргентина билігі "Ресейге дипломатиялық жүкпен 389 келі кокаин жөнелтпек болған" есірткі саудагерлеріне қарсы операция жүргізілгені туралы жариялаған болатын. Ресми ақпаратта, тергеу амалдары 2016 жылы желтоқсанда Ресей елшісі Аргентина билігіне дипломатиялық миссия жанындағы мектептен күдікті чемодандар табылғаны туралы хабарлағаннан кейін басталғаны айтылған.

Арентина полициясының хабарлауынша, 12 чемоданнан жалпы салмағы 389 келі тартатын 360 пакет кокаин табылған. Аргентина билік орындары мұндай көлемдегі есірткі партиясының бағасы 50 миллион еуроға жуық деп бағалайды. Аргентиналық Clarin басылымы бұл қылмыстың ықтимал ұйымдастырушысы қазір Германияда жасырынып жүрген ресейлік бизнесмен болуы мүмкін деген жорамал айтады.

Ресей сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналар есірткі тасымалдау үшін пайдаланылуы ықтимал деген болжамды жоққа шығарады.

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG