Accessibility links

"Рыбкагейт": Навальный сайтынан даулы зерттеуге сілтемені алды


Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный өз сайтынан Ресей вице-премьері Сергей Приходько мен миллиардер Олег Дерипаска туралы зерттеу материалдарын табуға болатын сілтемені алып тастағаны туралы МБХ.медиа басылымы хабарлады.

Навальныйдың сөзінше, зерттеу туралы мәліметтерді қазір қолданушылар негізінен YouTube сайтынан қарайтындықтан сілтемені көп ешкім пайдаланбайды. Саясаткер бұрынғы сілтеме алынғаннан кейін барлық ақпарат "ешқайда жоғалып кетпейтін және адамдар таба алатын" сыртқы ресурсқа көшірілетінін айтқан.

Навальный өзін Жемқорлықпен күрес қорының үкімет шенеунігі Сергей Приходько мен миллиардер Олег Дерипаска туралы жүргізген зерттеу мәліметтерін Navalny.com сайтынан жоюды міндеттеген "Роскомнадзор" мекемесінің үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл туралы ақпанның 13-і күні талап-арыз мәтініне сілтеме жасап хабарланған болатын.

Дерипаска мен Приходько Навальныйдың зерттеуін "арандату" деп атаған. "Роскомнадзор" мекемесі Краснодар өлкесі Усть-Лабинск аудандық сотының шешімі бойынша Жемқорлықпен күрес қорының зерттеуі туралы видео мен Навальныйдың блогын Ресейде жариялануға тыйым салынған ақпараттардың ортақ тізіміне енгізген. Сонымен бірге "Роскомнадзор" Азаттықтың Орыс қызметі (Радио Свобода), "Медиазона", Znak.com, Newsru.com, "Сноб" және The Village басылымдарынан Олег Дерипаска туралы фотосуреттер, видеолар мен "өзге де жеке деректерді" жоюды талап еткен.

9 ақпанда Усть-Лабинск аудандық соты Дерипасканың өз "жеке өмірі жайлы ақпаратты заңсыз таратқаны" үшін Настя Рыбканың (Анастасия Вашукевич) үстінен берген шағымын қанағаттандырған. Рыбканың Instagram-да жариялаған фотосуреттері негізінде Навальныйдың жасаған зерттеуінен кейін Дерипаска сотқа шағым түсірген болатын.

XS
SM
MD
LG