Accessibility links

Шаңғышы Полторанин олимпиадада үздік үштікке ене алмады


Алексей Полторанин (5) мен Иво Нисканен (8) 50 километрлік жарыста. Пхенчхан. 24 ақпан 2018 жыл.
Алексей Полторанин (5) мен Иво Нисканен (8) 50 километрлік жарыста. Пхенчхан. 24 ақпан 2018 жыл.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчханда өтіп жатқан қысқы олимпиадада 50 километрге жүгіруде 15-орын алды. Ол 35 шақырымға дейін үштікте келе жатқан. Бірақ мәреге 10-15 шақырым қалғанда ол үздік үштіктен шығып қалды.

Полторанин Пхенчхан олимпиадасына келгенде дәл осы 50 километрге классика әдісімен жүгіруде медаль алуға тырысатынын, төрт жыл бойы тек осы қашықтыққа дайындалғанын айтқан.

Полторанинді эстониялық Мати Алавер жаттықтырады. Оның олимпиадаға дайындалуына Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті және ұлттық компаниялар демеушілік жасаған.

Полторанин 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында 50 шақырымға классикалық әдіспен жүгіру жарысында қола медаль алған. Ол Азия ойындарының және әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше рет алтын иеленген.

XS
SM
MD
LG