Accessibility links

Шахтинскіде газ баллоны жарылғанда зардап шеккен жігіт қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығының реанимациялық бөліміне күйік жарақатымен түскен 24 жастағы Даниил Ефремов қайтыс болды деп хабарлайды Today.kz сайты.

Дәрігерлердің айтуынша, Қарағанды облысы Шахтинск қаласы маңындағы Солтүстік-Батыс кентіндегі екі бөлмелі үйде ақпанның 19-ы күні газ баллоны жарылғанда зардап шеккен жігітің денесінің 60 пайызын күйік шалған. Онымен бірге ауруханаға түскен жас әйел мен алты жасар баланың денсаулығына қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

Алдын ала болжам бойынша, тұрғын үйдегі жарылысқа 27 литрлік газ баллонындағы ақау себеп болған. Жарылыстан шыққан өрттің көлемі 200 шаршы метрді құраған.

XS
SM
MD
LG