Accessibility links

Өзбекстан билігі Рашид Қадыровтың тұтқындалғанын растады


Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров

Өзбекстан бас прокуратурасы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің билігі тұсында он бес жыл бас прокурор қызметін атқарған 66 жастағы Рашид Қадыровтың тұтқындалғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик) хабарлады.

Бас прокуратура сайтында сенбі күні жарияланған хабарламада 23 ақпанда ұсталған Қадыровқа "Бопсалау", "Билікті немесе қызмет лауазымын теріс пайдалану" және "Пара алу" айыптары тағылып, тергеу жүріп жатқаны айтылған.

Оқи отырыңыз: Ташкентте бұрынғы бас прокурор ұсталды

Жұма күні Өзбекстан бас прокуратурасы қызметкерлерінің бірі Озодлик радиосына Рашид Қадыров бір кезде өзі басқарған қадағалаушы органның ғимаратында тергеліп жатыр деп хабарлаған. Ал бас прокуратура баспасөз қызметінің өкілі Вахид Шаропов "Қадыров тұтқындалмаған және оған қатысты ешқандай тергеу амалдары жүргізілмеген" деп айтқан болатын.

2000 жылдан Өзбекстан бас прокуроры болып істеген Рашид Қадыров 2015 жылғы сәуірде қызметінен босатылған.

Өткен жылы тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев видеобайланыс арқылы өткізген жиында прокуратура органдарын қатты сынап, прокуратура қызметкерлерін "ең үлкен ұрылар" деп атаған. Бар кінәні бұрынғы бас прокурор Рашид Қадыровқа артқан президент "прокуратураны ұры жүйеден қалған адамдардан ақырына дейін тазартуға" уәде еткен.

Рашид Қадыровтың бірінші санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені бар.

AzattyqTV

Белградтағы наразылық шеруі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00
XS
SM
MD
LG