Accessibility links

ХОК Ресей туын қайтармады


ХОК және Ресей туы.
ХОК және Ресей туы.

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) мүшелері Ресей туын қайтаруға қарсы дауыс берді. Дауыс беру процесі 25 ақпанда Пхенчханда Халықаралық олимпиада комитетінің кезекті отырысында өтті. Осылайша, 25 ақпанда өтетін Пхенчхан олимпиадасының жабылу салтанатында Ресей спортшылары ХОК туымен шығады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

ХОК олимпиада басталғанда "егер ресейлік спортшылары допинг ережесін бұзбаса жабылу салтанатына Ресей туының астында шығуы мүмкін" екенін ескерткен.

Ал Пхенчхан олимпиадасында ресейлік Александр Крушельницкий (керлинг) мен Надежда Сергееваның (бобслей) допинг сынамасы оң нәтиже берген.

Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы допинг күдігіне ілінді

Александр Крушельницкий жұбайы Анастасия Брызгаловамен бірге керлингтен микст жұп (ер және әйел) жарысында қола медаль алған. Олар қолаға таласта Норвегия жұбын жеңген.​ Қола медаль енді Норвегия спортшыларына берілуі тиіс.

XS
SM
MD
LG