Accessibility links

Польшада Интерпол арқылы жарияланған іздеу негізінде ұсталған украиналық хакерді АҚШ-та 30 жылдық түрме жазасы күтіп тұр. Бұл туралы Польшаның орталық тергеу бюросы хабарлады.

Ақпаратта хакердің аты-жөні айтылмаған, жасы 44-те екені ғана мәлім. Оның ұстауға АҚШ федералдық тергеу бюросы да қатысқан.

Украин азаматын зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар таратқан және азаматтардың кредит карталарының деректерін иемдену үшін хакерлік шабуылдар жасаған деген күдікпен ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, құрамында украиналық хакер де бар қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттерінен келген зиян көлемі жүздеген миллион доллар деп бағаланады.

Украиналық күдіктіні АҚШ-қа экстрадициялау мәселесі бойынша шешім жақын арада қабылдануы тиіс.

XS
SM
MD
LG