Accessibility links

Сеул: Солтүстік Корея келіссөзге ынталы


Оңтүстік Корея премьер-министрі Ли Нак Ен Пхенчхандағы олимпиаданың ашылуына келген Солтүстік Корея басшысының әпкесі Ким Е Чжонның қолын алып тұр. 11 ақпан 2018 жыл.
Оңтүстік Корея премьер-министрі Ли Нак Ен Пхенчхандағы олимпиаданың ашылуына келген Солтүстік Корея басшысының әпкесі Ким Е Чжонның қолын алып тұр. 11 ақпан 2018 жыл.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен олимпиадаға барған Солтүстік Корея делегациясының кездесуінде тараптар қос Корея бұдан ары тығыз қарым-қатынас орнатуы тиіс дегенге уағдаласты. Бұл жайында Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі хабарлады. Бұған дейін Солтүстік Кореяның ресми ЦТАК ақпарат агенттігі АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы кезекті санкциясы «соғыс актісі» болып саналатынын мәлімдеген.

АҚШ прездиенті Дональд Трамп 23 ақпан күні Пхеньянға қарсы кең ауқымды санкциялар салынатынын хабарлаған. Ақ үй басшысы «егер санкциялар тиімсіз болса», онда Пхеньянға қарсы шаралардың «екінші кезеңі» басталатынын ескерткен.

Жоспар бойынша, Қытайда және басқа жеті елде тіркелген 27 компания мен 28 кемеге санкция салынбақ және ол заңсыз кеме қатынасы мен Солтүстік Кореямен сауда-саттыққа қарсы бағытталмақ. Санкция аясында солтүстік кореялық 27 компаниянының активтері бұғатталып, америкалықтардың олармен қарым-қатынас жасауына тыйым салынбақ.

АҚШ-тың жаңа санкциялары Қытайдың қатты сынына ұшырады. Қытай билігі АҚШ санкциясы Солтүстік Кореяның ядролық қару және зымыран жасау бағдарламаларын тоқтатуға әсер етпейтінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG