Accessibility links

Восточный космодромындағы қаржы жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты


Ресейдің Қиыр Шығысындағы Восточный космодромы.

Ресейдің Қиыр Шығыс округінің әскери соты 26 ақпанда «Дальспецстрой» компаниясының бұрынғы басшысы Юрий Хризманды Восточный космодромын салу кезінде бес миллиард рубльден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпты деп танып, 12 жылға соттады.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл іс бойынша тағы үш адам - Хризманның ұлы Михаил Хризман, компанияның бұрынғы бас есепшісі Владимир Ашихмин және Хабаровск өлкесі Заң шығару Думасы басшысының орынбасары Виктор Чудов айыпты деп танылды. Оларға бес жарым жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы кесілді. Сот бұған қоса Роскосмостың сотталғандардан келтірілген шығынды өндіртіп алу туралы шағымын толық қанағаттандырды.

Тергеу тұжырымы бойынша, Юрий Хризман мен Владимир Ашихмин 11 мемлекеттік келісім шарт бойынша алдын ала жасалған төлемдерді космодром құрылысына қатысы жоқ мақсатта жұмсаған. Бұдан өзге, Юрий Хризман мен оның ұлы Михаил Хризман және Виктор Чудов «Дальспецстройға» тиесілі 106 миллион рубльді талан-таражға салды деп айыпталған.

Адвокаттар сот үкіміне шағымданбақ. Сотталушылар соттағы соңғы сөздерінде өздерін ақтауды сұрады.

Амур облысындағы Восточный космодромы 2012 жылы салына бастаған. Оның құрылысына жүздеген миллиард рубль қаржы жұмсалған. Космодром салынып жатқан кезде жемқорлыққа қатысты даулар туындап, жалақысын ала алмаған жұмысшылар бірнеше рет наразылық танытқан. 2015 жылдың басында Ресейдің Есеп палатасы Восточный космодромы құрылысына жұмсалған шығын көлемі асыра көрсетілгені анықталғанын мәлімдеген. Бұдан соң Тергеу комитеті бюджет қаржысын жымқыру туралы екі қылмыстық іс қозғаған.

Оқи отырыңыз: Коррупция дауынан арылмаған «Восточный» ғарыш айлағы

Ресей Қиыр Шығыстағы Восточный космодромын Қазақстандағы жалға пайдаланатын Байқоңыр ғарыш айлағының орнын алмастырады деп салған. Восточный космодромынан ғарыш кемесі алғаш 2017 жылы сәуірде ұшырылған. Дегенмен, Ресей ғарыш кемелерінің көбін әлі Байқоңырдан ұшырады.

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG