Accessibility links

Ақмола облысы: «Балаға қол жұмсаған» әкім істі болды


Ақмола облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Ақмола облысында Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың үстінен «кәмелетке толмаған балаға қол жұмсады» деген күдікпен сотқа дейінгі іс қозғалды деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ақмола облысы ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Диас Мұқан есімді балаға дене жарақатын түсіру фактісі бойынша әкім Жанат Омаровтың үстінен Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлімімен («денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру») сотқа дейінгі іс ашылған.

ІІД ақпаратына қарағанда, қазір бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оның қорытындысына қарай әкімнің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылмақ.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG