Accessibility links

Сайрамда «терроризм» күдігіне ілінген тұрғынның соты басталды


Дастанбек Белдімұратов (сол жақтан екінші) өзіне қатысты сотта отыр. Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 26 ақпан 2018 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сайрам аудандық сотында «терроризм» ісі бойынша сотталушы Дастанбек Белдімұратов ісі қарала бастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Дастанбек Белдімұратов - «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген жергілікті он тұрғынның бірі. Сотта судья Әбдісейіт Әшірбаев төрағалық жасайды. Сот отырысына айыпталушы мен оның туыстары қатысып жатыр. Дастанбек Белдімұратов Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») айыпталып отыр. Белдімұратов сотта кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

Айыпталушының туыстары судьяға Бердімұратовтың бұрын сотталмағанын, отбасында жалғыз асыраушысы екенін ескеруді және жазасын жеңілдетуді сұрады. Прокурор Ахметов айыптау актісін оқыды. Ол айыпталушының «әлеуметтік желі арқылы халықаралық террорлық ұйымдардың терроризмге шақыратын материалдарын жариялағаны үшін» айып тағылғанын айтты. Дастанбек Белдімұратов сотта прокурормен процесуалдық келісімге келмейтінін, тағылған айыппен ішінара келісетінін айтты.

Бұдан бұрын Родикул Маккомбаев, Гафуржан Парпиев, Даниер Умаров, Махмуджон Худайбергенов, Фаррух Аскаров Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») айыпты деп танылып, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Олар кінәсін мойындау түрінде процессуалдық келісім жасасқан.

2017 жылдың 16 қарашасы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен ішкі істер органдары бірлесіп Сайрам ауданының он тұрғынын ұстаған. Ұсталғандар Қазақстан қылмыстық кодексі 256-бабының 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») және 174-баптың 1-бөлігімен («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») күдікті деп танылған еді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG