Accessibility links

Назарбаев Бозымбаевқа жариялаған сөгісін жойды


Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.
Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа бұған дейін жариялаған сөгісін жойды. Назарбаевтың Бозымбаевқа жариялаған «сөгіс жариялау түрінде тәртіптік жауапқа тарту» шарасын жойғаны туралы өкімі ресми баспасөзде жарияланды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Бозымбаевқа былтыр қазан айында «ішкі жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тиісті деңгейде қадағалай алмай, өзіне жүктелген міндетті лайықты атқара алмады» деп сөгіс жариялаған. Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсынысты премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 10 қазанда Астанада үкімет отырысынан соң жасаған.

XS
SM
MD
LG