Accessibility links

Ресей БҰҰ-да Иранға қарсы қарарға вето қойды


Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі.
Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі.

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ұлыбританияның Иранды Йеменде әрекет ететін шииттік хусит көтерілісшілеріне зымыран мен пилотсыз басқарылатын ұшақтар жеткізуге салған эмбаргосын бұзғанын айыптайтын қарарына вето қойды. Қауіпсіздік кеңесіне мүше 11 мемлекет қарарды қолдап, Ресей мен Боливия қарсы дауыс берді. Қытай мен Қазақстан қалыс қалды.

Ұлыбританияның қарары сарапшылардың былтыр Йемен аумағынан Сауд Арабиясына атылған зымыран құрылымы мен техникалық сипаттамасы жағынан Иранның «Киам-1» деп аталатын баллистикалық зымыранымен бірдей деген тұжырымына негізделіп дайындалған еді.

«Иран Йеменге қару-жарақ жеткізуге 2015 жылы салынған эмбаргоны бұзып отыр. Себебі хуситтерге зымыран мен пилотсыз басқарылатын ұшақтарды жеткізбеу шараларын жасамады» делінген қарар жобасында.

Лондон Мәскеумен ымыраға келуден үміттеніп, қарар мәтінінен Иранды айыптайтын сөзді және «қару-жарақ эмбаргосын бұзғандарға қосымша шаралар қолдану» туралы сөйлемді алып тастаған. Дегенмен, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя Лондонды «тексерілмеген және расталмаған» мәлімдеме арқылы Таяу Шығыстағы сүнниттер мен шииттер арасындағы «шиелісті өршітуге» тырысып жатыр деп айыптады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли Ресейдің вето қоюына байланысты егер Ресей Иранның қауіпті және тұрақтылықты шайқалтатын әрекетін тоқтататын қадамдарға бөгет болса, онда АҚШ пен оның одақтастарына Иранға Мәскеу кедергі бола алмайтындай шаралар жасаудан басқа жол қалмайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG