Accessibility links

IEA: АҚШ 2019 жылы мұнай өндіруден Ресейден озады


Калифорния штатының Мидуэй Сансет кен орнына жақын тақтатастан мұнай өндіру кешені (Көрнекі сурет).

Халықаралық энергетикалық агенттік (International Energy Agency - IEA) АҚШ 2019 жылы әлемде өндірілетін мұнай көлемі жөнінен Ресейден озатынын хабарлады. Бұл АҚШ-та тақтатастан мұнай өндіру көлемінің есебінеy ұлғаймақ.

IEA атқарушы директоры Фатих Биролдың 27 ақпанда Токиода мәлімдеуінше, 2017 жылдың соңында АҚШ-та мұнай өндіру көлемі 1970 жылдардан бері бірінші рет тәулігіне 10 миллион баррельден асып, ең ірі мұнай өндіруші ел Сауд Арабиясынан озған.

АҚШ-тың энергетикалық ақпарат әкімшілігі 2018 жылдың соңына қарай елде өндіріс көлемі тәулігіне 11 миллион баррельден асатынын мәлімдеді. Ресейдегі өндіріс көлемі бұдан сәл төмен.

АҚШ-та мұнай өндіру көлемі басқа ірі мұнай өндіруші елдер мұнай бағасын жоғарылату және тұрақтандыру мақсатында өндіріс көлемін азайтып жатқан кезде көбейіп отыр.

АҚШ мұнай экспортқа шығарылып, ОПЕК пен Ресейдің әлемдік нарықтағы үлесін азайтып жатыр. Фатих Бирол Reuters агенттігіне АҚШ-та таяу төрт-бес жылда мұнай өндіру көлемі азаймайды деген болжам барын айтады.

XS
SM
MD
LG