Калугада құқық қорғау органдарының қызметкерлері оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жергілікті штабына келген. Бұл туралы белсенділердің біріне сілтеме жасап, ресейлік "Медиазона" жазды.
Штабқа ешкімді кіргізбейді. Бейнебақылау камералары өшірілген. Ғимаратта бетперде киген адамдар мен белсенділер бар. Соңғы рет хабарласқандарында штаб қызметкерлері "ФСБ барлық мүлікті тәркілеп жатқанын" айтқан.
Навальныйдың әр қаладағы жақтастары құқық қорғау органдары мен кремльдік белсенділер тарапынан аңду мен қоқан-лоқы бары туралы әлденеше рет шағымданған.
Оқи отырыңыз: "Путиндік Ресей" жайлы 100 сұрақ
41 жастағы Алексей Навальный - Ресейдегі "Жемқорлықпен күрес қорын" құрушы, "Прогресс партиясының" төрағасы. Ол биыл наурызда өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынған. Бірақ Ресей билігі Навальныйды үміткер ретінде тіркемей тастаған. Бұған дейін үстінен қылмыстық және әкімшілік істер қозғалған саясаткер бірнеше мәрте қамалған еді.
Көре отырыңыз: Навальныйдың сайтын бұғаттады