Accessibility links

Өзбекстан бас прокурорының экс-орынбасары күдікке ілінді


Ұлықбек Суннатов, Өзбекстан бас прокурорының бұрынғы орынбасары.
Ұлықбек Суннатов, Өзбекстан бас прокурорының бұрынғы орынбасары.

Өзбекстан бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ұлықбек Суннатовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Азаттықтың Өзбек редакциясына («Озодлик» радиосы) Бас прокуратурадағы дереккөзінің хабарлауынша, 45 жастағы полковникті прокуратура қызметкерлері 24 ақпан күні өз үйінде ұстаған. Шенеунік тергеу сұрақтарына жауап бере бастады.

2017 жылдың соңынан бастап Ташкент облысының прокуроры болып істеген Ұлықбек Суннатов биыл 5 қаңтарда «жұмыстағы өрескел қателігі үшін» президент жарлығымен қызметінен босатылған.

Бас прокуратура қызметкерінің хабарлауынша, Суннатов бұрынғы бас прокурор Рашид Қадыровқа қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалған. Қадыровтың ұсталғаны 22 ақпанда белгілі болған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, қазір Ұлықбек Суннатовты Бас прокуратура ғимаратында тергеп жатыр. Ол «қызмет бабын асыра пайдаланды» және «пара алды» деген күдікке іліккен.

Бұған қоса Суннатов Өзбекстан Ұлттық паралимпиада қауымдастығының төрағасы қызметінен босатылды.

XS
SM
MD
LG