Ресей президенттігіне кандидат Владимир Жириновский сайлауалды дебатта қарсыласы Ксения Собчакты дөрекі түрде тілдеді.
РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский «Россия 1» телеарнасының эфирінде өткен дебатта Ксения Собчакты балағаттады. Жириновский тележүргізуші Владимир Соловьевтен Собчактың «аузын жапқызуды» талап етті. Собчак бұған жауап ретінде Жириновскийдің бетіне су шашып жіберді.
Ксения Собчак, бұған қоса, тележүргізушінің назарын саясаткердің әйелдерге қатысты пікірлеріне аудартты.
Ресейде президент сайлауы 18 наурызда өтеді. Сайлауға барлығы сегіз кандидат түседі. Олардың арасында іс басындағы президент Владимир Путин де бар.
Пікірлерді көріңіз (2)
Қалған комменттер