Accessibility links

Ашраф Ғани "Талибанды" заңды ұйым деп тануға шақырды


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "Талибанмен" бейбіт келіссөз жүргізу жөніндегі Кабул процесі конференциясында сөйлеп тұр. Кабул, 28 ақпан 2018 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "Талибанмен" бейбіт келіссөз жүргізу жөніндегі Кабул процесі конференциясында сөйлеп тұр. Кабул, 28 ақпан 2018 жыл.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "Талибан" қозғалысын заңды саяси ұйым деп тануды ұсынды. Ғани ұсынысын 28 ақпанда "Талибанмен" келіссөз жүргізу платформасын құруды мақсат еткен Кабул процесі деп аталатын ұйымдар мен мемлекеттердің конференциясында айтты. Ашраф Ғанидің бұл ұсынысы "Талибанмен" бейбіт келіссөз бастап, 16 жылдан астам уақытқа созылған қарсылықты тоқтатуға талпынысынан туып отыр.

"Талибан" басшылығына үндеу жасаған Ғани қазір шешім жасау солардың қолында екенін мәлімдеді. Ол елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бітім жасасу және бірігу туралы ұсынысты қабылдауға шақырды.

Ғани содырлар бітімге келсе, тұтқындағы талибтерді босатып, оларға паспорт беруді және санкцияларды жоюды ұсынды. Ауғанстан президенті сонымен қатар талибтермен келісім жасалған жағдайда ел конституциясын қайта қарауға дайын екенін де мәлімдеді.

2014 жылы Ауғанстаннан НАТО әскерінің көбі шығарылғаннан бері Кабулдағы Батыс елдері қолдайтын үкімет талибтер мен басқа да қарулы топтардың қысымын тежеуге барынша ұмтылып келеді.

2015 жылы Ауғанстан мен "Талибан" арасында басталған келіссөз көп ұзамай тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG