Accessibility links

Атырау облысында жатақхана өртеніп, төрт адам қаза тапты


Атырау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Атырау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Атырау облысында салынып жатқан Қарабатан газ турбиналы электр станциясы аумағында жатақхана өртеніп, төрт адам қаза тапты деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК).

Комитет ақпаратына қарағанда, контейнерден тұрғызылған жатақханадағы өрт 2 наурыз күні таңертеңгі сағат 8:41-де шыққан. Өрт шыққанда жатақханада түнгі ауысымда жұмыс істейтін шамамен 20 адам болған. Өрт сағат 10:45-те сөндірілген. Өрт орнынан төрт адамның мәйіті табылған. Төрт адамды күйік шалып, Атыраудағы облыстық ауруханаға жеткізілген.

Ресми мәлімет бойынша, аумағы 500 шаршы метр жер өртенген. Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Қарабатан Атыраудан 40 километр шалғайда орналасқан. Онда жатақханада вахталық режиммен жұмыс істейтіндер тұрады.

XS
SM
MD
LG