Accessibility links

Навальный съез өткізуіне кедергі жасалғанын хабарлады


Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный. Мәскеу, 25 ақпан 2018 жыл

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный өзін қолдайтын Прогресс партиясының сенбіге жоспарланған съезі кедергіге тап болғаны туралы хабарлады. Саясаткердің сайтында жазуынша, партия өкілдері съездерін өткізуге жалға алған ғимараттың иесі олармен жасалған жалға беру туралы келісім-шартты бұзатынын аяқ астынан мәлімдеген. "Бұған дейін шартқа отырған кезде жалға беруші әртүрлі бағыттағы партияларға бірдей қарайтыны туралы айтқан еді" деп жазады Навальный.

Прогресс партиясының съезі наурыздың 3-і күні Мәскеудегі "Кабинет – Новая площадь" компаниясы жалға беріп отырған ғимаратта өтеді деп жоспарланған болатын. Навальныйдың жазуынша, ұйымдастырушылар наурыздың 2-і күні Әділет министрлігіне съездің өтетін уақыты мен нақты орны туралы тиісті хабарлама жолдаған. Осыдан кейін көп ұзамай ұйымдастырушыларға хабарласқан жалға беруші олармен жасасқан келісім-шартты бұзатынын жеткізген.

Алексей Навальный өзін қолдайтын Прогресс партиясын ресми тіркеуден өткізуге жетінші мәрте талпыныс жасайтыны туралы биыл қаңтарда хабарлаған деп жазады "Медуза" сайты. Осы мақсатта сенбіде партия съезін өткізу жоспарланған болатын.

AzattyqTV

Алматының "Буревестнигі" СССР чемпионы болған кез
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG