Accessibility links

Қарабатандағы өртте зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырау облысы Қызылқоға ауданы аумағында орналасқан Қарабатан жұмысшылары қалашығындағы жатақхана өртенгенде зардап шеккен тағы бір адам бүгін таңертең облыстық ауруханада қайтыс болған. Бұл туралы аурухана директоры Саин Шумировке сілтеме жасап Tengrinews агенттігі хабарлады.

Қарабатанда вахталық әдіспен жұмыста істейтіндерге арналған жатақханадағы өрттен көз жұмғандар саны жеті адамға жетті.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті наурыздың 2-і күні таңертең жатақхананың 500 шаршы метр аумағын алған өрт кесірінен төрт адам қаза болып, зардап шеккен төрт кісінің облыстық ауруханаға түскені туралы хабарлаған. Кейін өрт құрбандарының саны алты адамға жеткені жайлы ақпарат тараған. Өрт тұтанғанда жатақханада түнгі ауысымда жұмыс істейтін 20 шақты адам болған. Өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қарабатандағы өрт себебін анықтау мақсатында вице-министр Нұржан Әлтаев жетекшілік ететін арнайы комиссия құрылатыны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG