Accessibility links

Путин АҚШ-тың Ресейге таққан айыптауымен танысқысы келеді


Ресей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ қаржы министрлігінің 2016 жылғы Америка президенті сайлауына Мәскеудің ықтимал араласуына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында 13 ресейлік азаматқа таққан айыптау материалдарымен танысып, зерттеуге ниет білдірді. Бұл туралы Путин NBC News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

Кремль басшысының айтуынша, бұл адамдар Ресей заңдарын бұзбағандықтан оларды Ресейде қылмыстық қудалау мүмкін еместігін түсіну қажет. Путин егер АҚШ билігі Ресей тарапынан қандай да бір іс-қимыл болғанын қаласа, онда Ресей бас прокуратурасына ресми сауал жолдасын деп кеңес берген.

АҚШ-та қазір 2016 жылғы америкалық президент сайлауы процесіне Ресейдің ықтимал араласуына қатысты тексеру жалғасып жатыр. 2017 жылдың тамызында АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер "Ресейдің сайлауға килігуін" тергеу үшін үлкен жюри алқасын шақырған. Мюллер жетекшілігіндегі тергеу тобы 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауы кезінде Республикалық партия кандидаты Дональд Трамптың сайлауалды штабы Демократиялық партиядан ұсынылған кандидат Хиллари Клинтонның позициясын әлсірету мақсатымен Кремльмен астыртын ауыз жаласқан жоқ па деген сауалға жауап іздейді. Ақпан айында Мюллер жүргізіп жатқан тергеуі аясында Ресейдің 13 азаматы мен 3 компаниясына айып таққан.

Мәскеу өзге мемлекеттердегі сайлауларға араласқаны туралы айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG