Accessibility links

Путин Мәскеуде жақтастары алдында сөз сөйледі


Владимир Путин Лужники стадионына жиналған жұрт алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, 3 наурыз 2018 жыл
Владимир Путин Лужники стадионына жиналған жұрт алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, 3 наурыз 2018 жыл

Наурыздың 3-і күні Мәскеудегі Лужники стадионында Ресейдің қазіргі президенті әрі осы айдың 18-іне тағайындалған президент сайлауына кандидат Владимир Путинді қолдау акциясы өтті. Путин "Күшті Ресей үшін" митинг-концертіне стадионға жиналған қалың жұрт алдында сөз сөйледі.

ВИДЕО: Путинді қолдау жиыны

Мәскеудегі Путинді қолдау жиыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:35 0:00

Ресей президенттігіне кандидаттың сайлауалды штабы ұйымдастырған акцияда Путин эстрада әншілері және спортшылармен бірге Ресей әнұранын айтты. Ұйымдастырушылар концертті көруге жиналғандар саны жүз мың адамнан көп дейді. "Эхо Москвы" ақпарат құралы Путин сөйлеп болған соң көп ұзамай көрермендердің көпшілігі тарай бастағаны, трибуналарда президенттікке кандидатты қолдау мазмұнындағы плакаттар қалғаны туралы хабарлады.

Стадионды күзеткен полиция өкілдері журналистерге акцияға "екі жүз мыңға жуық адам қатысты" деп хабарлады. Кейін Ішкі істер министрлігі жиынға 130 мың адам жиналғаны туралы мәлімдеді. Лужники стадионы трибуналарына шамамен 80 мың көрермен сияды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

ОВД-Инфо сайтының дерегі бойынша, сенбі күні Путинді қолдау митингісі өткен стадионға келген бірнеше адамды полиция ұстаған. Олардың арасында Ресей орталық сайлау комиссиясы 18 наурызға тағайындалған президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан соң ресейліктерді "сайлауға бойкот жариялауға" үндеген оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары да болған. Кейін полиция ұсталғандардың бәрін босатқан.

XS
SM
MD
LG