Accessibility links

Италияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Сильвио Берлускони (сол жақта) мен Маттео Сальвини. Рим, 1 наурыз 2018 жыл
Сильвио Берлускони (сол жақта) мен Маттео Сальвини. Рим, 1 наурыз 2018 жыл

Италия азаматтары бүгін парламент сайлауына дауыс беріп жатыр. Негізгі бәсеке сайлаушылардың қолдауымен жеңіске жетуден үмітті үш саяси күш – бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлусконидің оңшыл центристік коалициясы, популистік "Бес жұлдыз қозғалысы" және биліктегі солшыл центристер арасында өтіп жатыр.

Кейінгі екі аптада социологиялық сауалнама жүргізілмегендіктен сайлаушылардың көңіл-күйін болжау қиынға соғы отыр. Соңғы рет ақпанның ортасында өткізілген сауалнама қорытындысы бойынша, Берлусконидің коалициясы алда болатын. Бірақ, тағы да сол сауалнама деректері саяси күштердің ешбірі басым көпшілік дауыс жинай алмайтынын, яғни коалициялық үкімет құруға тура келетінін көрсеткен.

Оңшыл центристер сайлауда жеңіске жеткен күннің өзінде Берлускони, бұған дейін қаржылық қылмыстары үшін сотталғандықтан, премьер-министр қызметіне сайлана алмайды. Сондықтан ол үкімет жетекшілігіне Еуропарламент басшысы Антонио Таянидің кандидатурасын ұсынуды қолдайды. Ал егер Берлусконидің партиясы бұл сайлауда коалициядағы одақтастарынан аз дауыс алса, онда премьер-министр қызметіне мигранттарға қырын қарайтындығымен және Ресей президенті Владимир Путиннің атына мадақ айтуымен танымал Солтүстік лига жетекшісі Маттео Сальвини ұсынылмақшы.

Италиядағы парламент сайлауының алдын ала қорытындысы дүйсенбіге қараған түні белгілі болады.

XS
SM
MD
LG