Accessibility links

Нетаньяху Вашингтонда Трамппен кездеседі


Биньямин Нетаньяху, Израиль президенті.
Биньямин Нетаньяху, Израиль президенті.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 5 наурызда АҚШ-қа сапарында осы ел президенті Дональд Трамппен кездеспек. Вашингтонға ұшарының алдында Нетаньяху мамырдың 14-і күніне жоспарланған Иерусалимдегі АҚШ елшілігінің ашылу салтанатына Трамптың қатысу мүмкіндігін талқылайтынын мәлімдеген.

«Оның біздің тәуелсіздік алған күнімізге орай Иерусалимді Израильдің астанасы деп танығанына және АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру туралы шешім қабылдағанына алғысым шексіз» деді Нетаньяху.

Былтыр желтоқсанның басында Дональд Трамп АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеп, Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге дайындала бастауға пәрмен берген. Дайындық жұмыстары үш жылдан төрт жылға дейін жалғасуы мүмкін. Трамптың шешімін араб елдерінің көбі қатты сынап, Палестинада жаппай наразылық акциялары мен тәртіпсіздіктер басталған.

Израиль Иерусалимді өзінің біртұтас және бөлінбейтін астанасы деп санайды. БҰҰ Иерусалимнің шығыс бөлігі заңсыз басып алынған деп біледі. 1995 жылы АҚШ Конгресі Израильдегі америкалық елшілікті Иерусалимге көшіру туралы заң қабылдаған, бірақ қаланың мәртебесі даулы болғандықтан, АҚШ дипломатиялық өкілдігі Тель-Авивте қалған еді. Жақын уақытқа дейін Вашингтонда Иерусалим 1948 жылы британдық мандат мерзімі аяқталған соң еш тарапқа тиесілі емес және қала мәртебесі бейбіт келісімге қол қойылғаннан кейін ғана анықталады деген ұстаным болған еді.

XS
SM
MD
LG