Ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы жолдарда автокөлік қозғалысы шектелді деп хабарлады "Қазақпарат" агенттігі.
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, Астана-Қарағанды тасжолында автокөлік қозғалысына тыйым салынған.
Қарағанды облысында Жезқазған-Петропавл бағытындағы жолдың Жезді кенті мен Қостанай облысы аумағына дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылған.
Павлодар облысында Қызылорда-Павлодар бағытындағы жолдың 1135-1205 шақырымы аралығында автокөлік қозғалысына шектеу енгізілген.