Accessibility links

Флорида соты мектептегі атысқа күдікті Николас Крузға айып тақты


17 адам қаза тапқан шабуылға күдікті ретінде ұсталған Николас Крузды сотқа әкеле жатыр. Флорида, 19 ақпан 2018 жыл

АҚШ-тың Флорида штатында сот алқасы ақпанның 14-і күні Поркленд қаласындағы Марджори Стоунман Дуглас мектебінде болған қарулы шабуылға қатысты ұсталған 19 жастағы Николас Крузға 17 адамды өлтірген және 17 адамды өлтіруге әрекет жасаған деген айып тақты.

Егер сот оны айыпты деп тапса, Николас Крузға өмір бойы бас еркіндігінен айыру немесе өлім жазасы тағайындалуы ықтимал.

Марджори Стоунман Дуглас мектебіне жасалған қарулы шабуылға қатысты жүргізілген тергеу барысында Николас Круз өзгеге қиянат көрсетуге бейім оспадар мінез-құлқына қарамастан шабуыл мылтығын заңды жолмен сатып алғаны анықталған. 16 ақпанда АҚШ Федералдық тергеу бюросы қаңтарда Николас Круз жаппай атыс жоспарлауы мүмкін деген ескерту хабар алғанын, бірақ агенттері оны қадағалай алмағанын мойындаған. Жергілікті полиция Круздың шабуыл алдындағы мінез-құлқынан хабардар болғаны туралы мәлімдеген. Ұлы ашу-ызаға бой алдырған кездері анасы бірнеше рет полиция шақыртқан.

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG