Accessibility links

Түркия мен Ирак күрдтерге қарсы бірлескен операция өткізбек


Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ирактың солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы Анкара мен Бағдадтың бірлескен операция өткізетіні туралы мәлімдеді деп хабарлайды Reuters. Алдын ала мәліметтер бойынша, бірлескен операцияны Иракта биыл мамыр айына белгіленген парламент сайлауы өткеннен кейін бастамақ.

Сонымен бірге министр Чавушоглу түркиялық әскерилердің Сирияның Африна қаласындағы күрдер топтарына қарсы операциясы мамырға дейін аяқталады деп айтқан.

Түркия әскері биыл қаңтардың екінші жартысында Сирияның Африна қаласы аймағындағы күрд қарулы топтарына қарсы шабуылға шыққаннан кейін көп ұзамай түрік әскери басшылығы "Зәйтүн бұтағы" әскери операциясы басталғаны туралы мәлімдеген. Күрдтердің өзін өзі қорғау топтарын (күрд милициясы) "терроршыларға болысады" деп айыптайтын Түркия билігі оларды отырған позициясынан ығыстырып тастауды мақсат етеді. Күрд милициясы АҚШ жетекшілігіндегі коалиция құрамында "Ислам мемлекеттік" экстремистік тобы жихадшыларына қарсы соғысқа қатысып жүр.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG