Accessibility links

Горбачев Ресей мен АҚШ-ты жанталаса қарулануды тоқтатуға шақырды


Бұрынғы СССР президенті Михаил Горбачев
Бұрынғы СССР президенті Михаил Горбачев

СССР-дің тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Ресей мен АҚШ лидерлерін жанталаса қарулануды доғаруға шақырды. Бұл туралы ол Time журналына жазған.

Горбачевтің сөзінше, екі ел басшыларына "Ядролық қаруды таратпау туралы шартты" еске салған жөн болмақ. Бұрынғы совет лидерінің айтуынша, ғалымдар қазіргідей қауіп-қатер деңгейін 1953 жылы тіркеген. Горбачев БҰҰ-ды Бас Ассамблеяның төтенше сессиясын жинап, тиісті шаралар қабылдауға шақырған.

СССР экс-президенті АҚШ пен Совет одағында "қару-жарақ тау боп үйілген" 1987 жылы сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейганмен екеуі "қару құралдарын түбегейлі қысқарту" туралы келісімге қол жеткізгендерін еске салған. Сол жетістікке бүгінгі күні қатер төніп тұр деп санайды Горбачев.

Михаил Горбачев бұған дейін де, 2017 жылғы қазанда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трампқа үндеу жолдап, ядролық қаруды қысқартуға шақырған.

XS
SM
MD
LG