Accessibility links

Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара бастады


Біріккен Араб Әмірліктері
Біріккен Араб Әмірліктері

Қазақстан азаматтары бүгіннен бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алады. Екі елдің үкіметтері арасында азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы өткен жылы мамырда жасалған келісім қос тараптың қабылдаған тиісті шараларынан кейін биыл наурыздың 10-нан бастап күшіне енді. Келісімге сәйкес, БАӘ аумағына 30 тәулікке дейінгі мерзімге баратын қазақстандықтарға виза қажет емес.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған дейін өз азаматтарына БАӘ аумағына кіру кезінде қойылатын талаптар туралы хабарлағанда паспорттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына кемінде жарты жыл болуы, балалардың әрбірінің өз жеке паспорты болуы шарт екенін, қазақстандықтар БАӘ заңдары мен ережелерін сақтауы тиіс екенін ескерткен.

Халықаралық іздеуде жүрген адамдардан өзге кез-келген қазақстандық БАӘ еліне бара алады және ол елге барғанға дейін қай мемлекеттерде болғаны маңызды емес деп хабарлайды Қазақстан СІМ.

Кәмелетке толған, заң жүзінде өз басына жауап бере алатын қазақстандық әйелдерге БАӘ аумағына ер адамсыз кіруіне рұқсат берілген. Кәмелетке жас толмаған балаларды ата-аналары ертіп жүруі тиіс. Егер кәмелетке толмаған бала ата-анасыз сапар шегетін болса, онда баланың ата-анасы я сенімді өкілі оның ел аумағыан шығуына келісім беретіні жайлы ережеге сәйкес толтырылған сенімхат ұсынуы шарт, ондай құжатты Астанадағы БАӘ елшілігінде немесе шет елдердегі Біріккен Араб Әмірліктерінің кез-келген дипломатиялық өкілдіктерінде заңдастыруға болады делінген ақпаратта.

Сонымен бірге Қазақстан СІМ визасыз ереже бойынша барған Қазақстан азаматтарына БАӘ аумағында жұмысқа тұруға болмайтындығы және БАӘ жерінде визасыз болудың шекті мерзімін бұзған азаматтарға шара қолданылып, айыппұл салынатыны туралы ескерткен.

БАЭ азаматтарына Қазақстанға 30 тәулікке дейінгі мерзімге визасыз келуіне рұқсат беретін Қазақстан үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысы бойынша күшіне енген.

XS
SM
MD
LG